Басып шығару

Электрондық денсаулық сақтауды дамыту

   Денсаулық сақтау жүйесіне ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (бұдан әрі – АКТ) енгізуі медициналық көмек көрсету сапасын жаңа деңгейіге шығаруға мүмкіндік береді. АКТ медициналық-санитариялық көмектің қамтамасыз етілуіне және жеткізілуіне аса маңызды рөлін атқарады. Электрондық денсаулық сақтау технологиялары пациенттерге қашықтықта мониторинг жүргізуге, пациенттер арасында ақпаратты тезарада таратуға, мүгедектер мен қарт адамдар үшін, әсіресе алыс аудандарда, медициналық-санитариялық көмекке қолжетімділікті жақсартуға рұқсат береді.

  Бүгінгі таңда денсаулық сақтауды ақпараттандыру облысында бірнеше жобалар іске асырылды. 2011 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – ДСБАЖ) құру шеңберінде ДСБАЖ пилоттық аумағын ұйымдастыру бойынша жұмыс аяқталды. ДСБАЖ іске асыруды ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында    «Емдеуге жатқызу бюросы», «Бекітілген халық тіркелімі», «Шот-тізілімдерді құрастыру» («Стационарлық науқастардың электрондық тіркелімі»), «Медициналық-санитариялық көмекке ынталандыратын компоненті» порталдары қызмет етеді.

Мақсаты: АКТ максималды қолдана отырып, халыққа медициналық көмек көрсету сапасын және қолжетімділігін жоғарылату.

«Ақпаратты Қазақстан – 2020» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 464 Жарлығымен бекітілді.